Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайының жаңа терминалы бұрынғысынан несімен ерекшеленеді

Жарияланған күні:

Алматы әуежайының жаңа терминалы
Алматы әуежайының жаңа терминалы. Фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Бүгін журналистерге Алматы әуежайының жаңа терминалы көрсетілді. Халықаралық рейстердің барлығы осы терминалға көшірілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Биыл әуежайдың жолаушылар ағыны 11 млн адамнан асады деп болжанып отыр.

Жазғы демалыс маусымы қарсаңында 53,6 шаршы метрлік жаңа терминал іске қосылды. Айта кету керек, Алматыдан алғашқы азаматтық рейс осыдан дәл 100 жыл бұрын – 1924 жылы ұшқан еді. Әуежай 1923 жылы салынған және қазіргі Орталық стадионның орнында орналасқан.

Жаңа терминалда шетелге шығатын жолаушыларды 50 бағанасы бар тіркеу аймағы қарсы алады. Әрі қарай құжаттарды тексерудің автоматтандырылған жүйесінен өту керек. Содан кейін жолаушылар 20 кабинасы мен екі автоматты тірегі бар паспорттық бақылауға келеді. Осылайша олар "шекарадан" өздігінен өте алады.

Алматы әуежайының жаңа терминалы
Алматы әуежайының жаңа терминалы. Фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Әуежайдың жаңа президенті Гокер Косе ұшып келу аймағында тағы 32 паспорттық бақылау кабинасы мен екі автоматты тірек бар екенін айтты. Олардың санын әр қабатта 4-ке дейін көбейту жоспарланған. Оның сөзінше, Қазақстанда паспорттық бақылау үшін автоматты тіректерді пайдалану 23 пайыз болса, ал Еуропада-5-6 пайызды ғана.

Әуежайдың ұшу және багажды күту аймағында Duty Free дүкендері орналасқан, олардың бірі Орталық Азиядағы ең үлкені болып есептеледі. Ұшақтарға телетрап арқылы шығудың бес жолы, автобустарға шығудың бес жолы қарастырылған.

Алматы әуежайының жаңа терминалы
Алматы әуежайының жаңа терминалы. Фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Багажды беруге келсек, мұнда жалпы ұзындығы 242 метр болатын төрт карусель бар. Айта кетейік, ескі терминалда оның жалпы ұзындығы 82 метр болған еді. Мұнда сағатына 7 мыңға жуық чемоданды беруге мүмкіндік бар.

Косе багаж бұрын қолмен өңделгенін, қазір ол автоматтандырылғанын атап өтті. Бұл өңдеу процесін айтарлықтай жылдамдатады. Ұшып келу аймағынан шыққан тұста валюта айырбастау пунктілері мен автокөлікті жалға беретін дүңгіршектер орналасқан.

Алматы әуежайының жаңа терминалы
Алматы әуежайының жаңа терминалы. Фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Басшылық әуе айлағында жаңа виадукт салынып, автотұрақ 1200-ден астам орынға дейін ұлғайтылатынын атап өтті. Мұнда жаңа автобус та іске қосылады. Ал ескі терминал жақында жаңартылып, ішкі рейстерге қолданылады. Алматы әуежайының басшысы онда ғимараттың құрылымын сақтап, тек жөндеу жұмыстарын жүргізетінін айтты. Болашақта терминал жылына 6 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді.

Алматы әуежайының жаңа терминалы
Алматы әуежайының жаңа терминалы. Фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Сонымен қатар әуежайда жерүсті техникалары паркін кеңейту, отын қоймасын халықаралық стандарттар деңгейіне дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Жүк қоймасын жаңғырту да назардан тыс қалмаған.

Алматы әуежайының жаңа терминалы
Алматы әуежайының жаңа терминалы. Фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Қазіргі уақытта такси жолы ретінде пайдаланылатын перрон жабыны мен екінші ұшу-қону жолағын жаңарту да жоспарда бар. Барлық жұмысқа жеке қаражат көздерінен 150 млн доллар бөлінеді.

Алматы әуежайының жаңа терминалы
Алматы әуежайының жаңа терминалы. Фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2123517-almaty-auezhaiynyng-zhanga-terminaly-eskiden-nesimen-erekshelenedi-foto/