Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелде жұмыс істегісі келетіндерге қандай жағдай жасалуы мүмкін

Жарияланған күні:

Әуежайдағы жолаушылар
Әуежайдағы жолаушылар. Көрнекі фото: d3sign/Getty Images

Олжас Бектенов шетелде жұмыс істегісі келетін қазақстандықтардың құқығын қорғауды қамтамасыз етуді тапсырды. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында Кәсіптік және тілдік даярлау орталықтары ашылуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтардың шетелдегі еңбек қатынастарын заңдастыру әрі олардың құқықтарын қорғау керегін айтты. Қазіргі таңда тиісті үкіметаралық келісімдер жасасу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Қазірдің өзінде шет елдерде біздің азаматтарды жұмысқа орналастыратын жеке агенттіктердің қызметін бір жүйеге келтіру қажет. Қазақстандықтар келісімшарт бойынша сенімді кепілдік алуға тиіс. Еңбек министрлігі осы бағытта кешенді шаралар қабылдасын", - деді Олжас Бектенов.

Шетелде жұмыс істегісі келетіндер үшін бірқатар өңірде яғни Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында Кәсіптік және тілдік даярлау орталықтары ашылады. Үкімет басшысы өзге өңірлер бұл тәжірибені әрі қарай пайдалана алатынын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2123574-bir-zhuiege-keltiru-qazhet-bektenov-shetelde-zhumys-istegisi-keletin-qazaqstandyqtardyng-quqygyn-qorgaudy-qamtamasyz-etudi-tapsyrdy/