"Әжетханаға 30 миллион теңге, ал үй салуға 25 миллион": министр сынға жауап берді
Жарияланған күні:
Үкімет отырысы аясында өткен брифингте құрылыс және өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккендерге арнап салынып жатқан үйлердің сапасына қатысты пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
БАҚ өкілдері құрылыс және өнеркәсіп министрінен су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлерге бөлінген қаржат аз екенін айтты. Су тасқынынан зардап шеккендерге үй салуға бөлінген 25 миллион теңгені Абай облысында жол бойына салынған әжетханаға кететін 30 миллион теңгелік шығынмен салыстырды.
"Су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлер еліміздегі құрылыс стандарттарына сәйкес салынып жатыр. Құрылыстың сапасын жергілікті атқарушы органдар бақылап отыр. Ал әжетхана салуға кеткен қаражаттың қанша екеніне қатысты пікір білдіре алмаймын. Бұл сол Көлік министрлігі құзыретінде болуы керек", - деді министр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2123610-azhethanaga-30-million-al-ui-saluga-25-million-ministr-synga-zhauap-berdi/