Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл жеткілікті сома ма": Еңбек министрлігі азаматтардың БЖЗҚ-дан ақша алуына тыйым салынғанына қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Министрлер кабинетінде өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтарға зейнетақыны БЖЗҚ-дан мерзімінен бұрын шешіп алу мүмкіндігін алып тастауды ұсынып отырған сарапшылардың пікірімен келісетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Біз сарапшылардан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешіп алу мүмкіндігін жою бойынша ұсыныстар келіп жатыр. Олардың айтуынша, бұл алдағы уақытта зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне әсер етеді", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Министр Қазақстандағы зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұратынын еске салды. Бірінші деңгей – базалық, екіншісі – міндетті зейнетақы салымдардың есебінен жиналған зейнетақы қаражаты, үшіншісі – қазақстандықтардың өз еркімен зейнетақы жарналарына салым жасау есебінен жиналған қаражат.

"Ынтымақтастық зейнетақысын алуға, яғни 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 6 ай еңбек өтілі бар адамдарға берілетін зейнетақы түрі өкінішке қарай сирейіп жатыр, сондықтан жастардың басым бөлігі жұмыс істемегендіктен, яғни 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыс тәжірибесі болмағандықтан, оларға тек базалық зейнетақы беріледі.

Осыған байланысты елестетіп көріңіздерші, жастар қолданыстағы заңға сәйкес басым бөлігін (зейнетақы – ред. ескертпесі) шешіп алады, ал зейнет жасына жеткен кезде олар зейнетақысын өте аз мөлшерде алуы ықтимал – 60 пайызы жалақыдан ұсталған міндетті жарналар есебінен болса, қалған көлемі зейнетақы жарналарының ең төменгі мөлшерінің жеткіліктілік шегіне тең болуы мүмкін.

Мысалы бүгінгі таңда жинақ жүйесі бойынша төлем сомасы – 34 мың теңге. Бұл жеткілікті сома деп ойлайсыз ба? Әрине, жоқ. Демек, кезінде зейнетақы жинағын шешіп алып, кейін зейнетке шықса, ол небәрі 34 мың теңгеден ғана алып тұрмақ. Сол себепті біз сарапшылардың екі пікірімен келісеміз: базалық зейнетақының мөлшері сай болуға тиіс әрі басқаша есептелуі керек, оған қоса БЖЗҚ-дан ақшаны шешіп алу мүмкіндігін тоқтату керек", - деп түсіндірді Жақыпова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2123661-bul-zhetkilikti-soma-ma-engbek-ministrligi-azamattardyng-bzhzq-dan-aqsha-aluyna-tyiym-salynganyna-qatysty-pikir-bildirdi/