"Менің арым таза": журналистер еңбек министрінің Dior көзілдірігіне қатысты сұрақ қойды
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін министрлер кабинетінде өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қазақстандықтар брендтік бұйымдарды сатып алуға қауһарлы болуы үшін не істеу керегін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Журналистер Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың көзілдірігі Dior брендіне тиесілі екенін айтты. Осы орайда олар министрден мұндай қымбат мүлік бола тұра, неліктен Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге деп сұрады.
"Біріншіден, 85 мың теңге – ең төменгі стандарт (еңбекақы – ред. ескертпесі) болып саналады және бүгінгі таңда ол біліктілігі төмен еңбек саласында жұмыс істейтін адамдарға арналған, яғни жұмыс берушілер білімі мен кәсібилігі жоқ азаматтарға 85 мың теңге төлейді.
Бірақ егер көбірек табыс тауып, шалқып өмір сүргіңіз келсе, барлық еңбек өтіліңізде оқып, дамуыңыз керек, өзіңізді кәсіби маман ретінде қалыптастыру үшін дағдыларыңыз бен құзыреттеріңізді арттыруға тырысу керек, барлық дағдыны игеру қажет. Менің Dior көзілдірігім – сапалы жасалған репликация (көшірме – ред. ескертпесі), тіпті қаласаңыздар, қай жерден сатып алғанымды бөлісе аламын – оптикада ол 25 мың теңге тұрады. Қаласаңыздар, сәнді костюмімді де қай киім дүкенінен сатып алатынымды айтып, сырларымды бөлісе аламын", - деп жауап берді Жақыпова.
Осыған байланысты журналистер "демек, министр жалған киім кие ме?" деген сұрақ қойып, нақтылауын өтінді.
"Киемін және ұят деп санамаймын. Мен бренд сақтап киінуге, кешкі асты мейрамханаларда ішуге, шетелде демалуға тырыспаймын. Тіпті еңбек еткен жылдарымда ешқашан шетелде демалған емеспін, менің арым таза, мен Қазақстанға адалмын", - деп жауап берді министр.
Еске салайық, бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова министрлер кабинетінде өткен брифингте қазақстандықтарға зейнетақыны БЖЗҚ-дан мерзімінен бұрын шешіп алу мүмкіндігін алып тастауды ұсынып отырған сарапшылардың пікірімен келісетінін айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2123736-mening-arym-taza-zhurnalister-engbek-ministrining-dior-kozildirigine-qatysty-suraq-qoidy/