Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 8 жабық вагон рельстен шығып кетті

Жарияланған күні:

Рельстен шыққан вагондар
Рельстен шыққан вагондар. Фото: t.me/otyrarkz

Түркістан облысының Түлкібас ауданында 8 жабық вагон рельстен шығып кетті. Аталған жайтқа қатысты ақпарат Telegram-дағы Төтенше жағдайлар министрлігінің парақшасында жарияланды.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, апаттан зардап шеккендер жоқ.

Оқиға салдарынан вагондар бүйірге аударылып, жоғары вольтты электр желісіне зақым келтірген. Содан шпалдар мен қураған шөптер өртенген. Апат орнына келген құтқарушылар 150 шаршы метр алаңдағы өртті ауыздықтады.

Аталған жайтқа қатысты ҚТЖ өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді. Тиісті мекеме оқиғаның бүгін, 25 маусым сағат 19:20-да "Түлкібас-Арыс" учаскесінде болғанын растады.

"Меңлібай-Көктерек" аралығының күрделі қисық учаскесінде жүк пойызының вагондары апатқа ұшырады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді ҚТЖ өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2123868-turkistan-oblysynda-8-zhabyq-vagon-relsten-shygyp-ketti/