Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның 53 елді мекенінде аналогтық телевизия өшіріледі

Жарияланған күні:

Теледидар пульті
Теледидар пульті. Көрнекі фото: pexels.com

2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға (ЦЭТВ) кезең-кезеңімен көшуді жалғастырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазтелерадио" компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату тізіміне Шығыс Қазақстан, Абай және Атырау облыстарының елді мекендері кіреді. Бұл қадам телевизия бағдарламаларын көруді осы өңірлердің тұрғындары үшін бұрынғыдан да қолжетімді әрі сапалы етуге бағытталған.

  • Абай облысы: Қопа ауылы, Қарақұм ауылы, Ақтоғай ауылы, Жүзағаш ауылы, Таңсық ауылы, Тарлаулы ауылы Ақбұлақ ауылы, Айғыз ауылы, Өркен ауылы, Үштөбе ауылы Ақшоқы ауылы
  • Атырау облысы: Қоңыраулы, Мұқыр, Атамбаев, Ақтоғай, Көздіқора, Ақжайық, Махамбет, Ортақшыл, Сарытоғай, Таңдай, Есбол, Жалғансай, Кеңөріс, Бала Ораз, Құрманғазы, Жамбыл, Қаракөл, Көздіқара, Афанасьев, Нұржау, Орлы, Теңіз, Хиуаз, Ақкөл, Жұмекен, Дәулеткерей, Каспий, Иманов, Қадыр, Құмарғали, Шайхы, Шестой
  • Шығыс Қазақстан облысы: Сарыөлең, Жаңаауыл, Жаңаталап ауылдары;

"Аналогтық телевизиядан айырмашылығы, цифрлық сигнал кедергіге төзімді және тіпті ең шалғай елдімекендерде де көрермендерге шуылсыз беріледі. ЦЭТВ-ға көшу Қазақстанда телевизияны дамытудың жаңа бағытын ашады. Цифрландыру шағын елді мекендерде көп телеарна қабылдауға мүмкіндік береді — аналогты форматтағы 2-3 арнаның орнына 15 арнаға дейін қабылдайды. Облыс орталықтарында көрермендерге 30 арна қолжетімді болады. Бұл ретте оларды жіберу үшін қажетті электр энергиясын тұтыну айтарлықтай азаяды", - делінген хабарда.

ТАСС агенттігі мәліметінше, аналогтық телевизия – теле мұнаралардан берілетін сигнал антенна арқылы қабылданатын және бір жиілікке бір арна тағайындалған хабар тарату түрі.

Цифрлық телевизия – цифрлық кодтауды пайдалана отырып, бір жиілікте бірнеше арна пакетін тарататын кескін мен дыбысты тарату технологиясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124189-qazaqstannyng-53-eldi-mekeninde-analogty-televiziia-oshiriledi/