Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қатерлі ісіктен көз жұмған баланың отбасы енді қызының бауырын ауыстыруға мәжбүр

Жарияланған күні:

Асылым анасымен
Асылым анасымен. Фото: Жеке мұрағат/ KAZ.NUR.KZ

Шымкенттегі екі айлық Асылым Өскенбекке өт жолдарының туа біткен ақауы мен атрезиясы диагнозы қойылған. Оның өмірін сақтап қалу үшін шұғыл түрде бауыр трансплантациясы қажет, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Трансплантацияны Антальядағы клиника мамандары жасауға дайын, бірақ операцияны көпбалалы отбасының қалтасы көтермейді.

"Біз бұл жайында жүктіліктің алтыншы айында білдік. Ультрадыбыстық зерттеу нәтижелері ұрықтың дамуындағы ауытқуларды – кішкентай асқазанды көрсетті. Сол уақытқа дейін барлық тексеріс ұрықтың жақсы екенін көрсеткен еді. Асылым жүктіліктің 37-аптасында сарғаю синдромымен дүниеге келген. Дәрігерлер оны ультракүлгін шамымен емдеуге тырысқанымен, нәтиже болмады.

Ол асқазан-ішек жолында проблемалар туындаған соң Шымкенттегі аудандық педиатрия орталығына жатқызылды. Оған тексеруден кейін өт жолдарының атрезиясы диагнозы қойылды. Біз баламызды Алматыдағы клиникаға жатқызу туралы өтініш жібердік, бірақ салмағы тым аз болғандықтан, олар бас тартты", - дейді қыздың анасы Салтанат Жахаева.

Салтанат 2024 жылдың 20 мамыр күні қызымен бірге уақыт жоғалтпай Ташкентке аттанған. Клиникалардың бірінде тексерілгеннен кейін қызға бауыр циррозы диагнозы қойылып, трансплантация қажет екені туралы айтылған.

Осы кезде клиникаға осындай операцияларды жүргізуге маманданған Medical Park клиникасының профессоры Ибрагим Алиосманоглу кеңес беру үшін келген. Ол да қызға шұғыл түрде ота жасау керегін жеткізген.

"Құрметті жерлестер мен қайырымды жандар, біз сіздерден көмек сұраймыз. Қызымыздың өмірін сақтап қалуға көмектесіңіздерші. Біз алты балалы отбасымыз, қарапайым өмір сүреміз. 2019 жылы баламды онкологиялық аурудан көз жұмды.

Қазір Асылымның өмірі үшін алаңдап отырмыз. Отаға өзіміз ақша жинай алмаймыз, өйткені сомасы өте көп. Ал Асылымның жағдайы күн санап нашарлап жатыр. Ол үнемі жылайды, ал гемоглабині 74-ке түсіп кетті. Отаны ертерек жасаса, өмір сүру мүмкіндігі көбейеді", - деді ол.

Отаға 14 500 00 теңге жинау қажет.

Реквизиттер: Kaspi: 4400 4302 8881 7486

Карта мына нөмірге тіркелген:

+77024587033 Салтанат Жақаева, анасы

Halyk bank: 5101 4513 2182 2274

Saltanat Zhakhayeva

Instagram: @saltanat.baurzhankyzy_

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124276-shymkentte-qaterli-isikten-koz-zhumgan-balanyng-otbasy-endi-qyzynyng-bauyryn-auystyruga-mazhbur/