Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев апелляциясы бойынша сот бүгін аяқталуы мүмкін

Жарияланған күні:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляцияны қарау бойынша сот отырысының аясында адвокат соттың аяқталу мерзімін атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Менің ойымша, түскі астан кейін (процесс аяқталады – авт. ескертпесі). Онда Байжановтың тарапы қалды және апелляциялық шағымдарға қарсылық білдіргендер (айтады –авт. ескертпесі)", - деді Қуандық Бишімбаетың адвокаты Назкен Құсайынова.

Ол заң бойынша апелляциялық саты апелляцияны 1 айға дейін қарастыра алатынын айтты.

"Олар бір және екі процесте қарастыра алады", - деп қосты адвокат.

Айта кетейік, Астана сотында Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымын қарау бойынша отырыста түскі үзіліс жарияланды. Сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін сотта Бишімбаевтың үш адвокаты сөз сөйледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124285-bishimbaev-apelliatsiiasy-boiynsha-sot-bugin-aiaqtaluy-mumkin/