Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зейнетке 55 жастан шығу": вице-премьер петиция туралы пікірін айтты

Жарияланған күні:

Тамара Дүйсенова
Тамара Дүйсенова. Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Мәжіліс кулуарында премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова ePetition.kz платформасында зейнет жасын 55-ке дейін төмендетуге қатысты петицияға қол жиналып жатқанына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ол зейнетақы жинағы жетсе, қазақстандық әйелдер 53 жастан бастап шығуына болады деп отыр.

"Біріншіден, біз заңнамада әйелдердің зейнетке шығу жасын 61 деп бекіттік. Осындай петицияға қол қойса, әрине біз мұндай өтінішті қараймыз. Бірақ біз 55 жаста зейнетке шығатын болсақ, жеткілікті деңгейдегі зейнетақы аламыз ба, соны ойлауымыз керек.

Біздің заңнамада зейтнетке ерте шығу көрсетілген, зейнетақы қорындағы жинақ жеткілікті болса, 53 жаста шығуына болады. 1998 жылдан кейінгі зейнетақы реформасын жүргізгеннен кейін біз зейнетақымызды зейнетақы қорында жиналған ақшадан аламыз. Біз ерте шығайық деп айтқанда, мемлекет төлейді деп ойлаймыз. Мемлекет тек базалық зейнетақыны төлейді", - деп түсіндірді Дүйсенова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124303-zeinetke-55-zhastan-shygu-vitse-premer-petitsiia-turaly-pikirin-aitty/