Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде күн 43 градусқа дейін ысиды

Жарияланған күні:

Жаз
Алматы. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Отандық синоптиктер 27 және 28 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Олардың мәліметінше, алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде күн 43 градусқа дейін ысиды.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, 27 және 28 маусым күні елдің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

Таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон әсер етіп, батыс және солтүстік-батыс өңірлерінде найзағай болып, жаңбыр жауады. Одан бөлек бұршақ түсіп, жел соғуы ықтимал.

Жаңбыр қарқыны 27 маусымда оңтүстік-батыста, 27-29 маусым күні солтүстік-батыста, 28-29 маусым күні еліміздің батысында, солтүстігінде артады.

Қазақстанның шығысы мен солтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

27 маусымда солтүстік-батыста, 28-29 маусым оңтүстікте, 29 маусым солтүстікте, орталықта аптаптың беті қайтады.

Ал елдің шығысында, оңтүстік-шығысында 40, 43 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124465-aldagy-kunderi-elimizding-birneshe-ongirinde-kun-43-gradusqa-deiin-ysidy/