Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "Алматы Жазы" акциясы аясында жұмыс істеп тұрған субұрқақтар маңын жинау мен тазалау жұмыстары басталды

Жарияланған күні:

Субұрқақ
Субұрқақ. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Алматы Жазы" акциясы "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанының жалғасы саналады, ол осы жылдың 6 шілдесіне дейін жалғасады.

Алматыда 150 субұрқақ бар, оның 66-сы коммуналдық (60-ы штаттық режимде, 6-ы қайта жаңартылып жатыр) және 84-і жеке аумақта.

Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының бас маманы Әлинұр Бәкеновтың айтуынша, коммуналдық меншік иелігіндегі субұрқақтар 1 мамырдан 25 қазанға дейін күн сайын сағат 8:00-ден 23:00-ге дейін профилактикалық іс-шаралар (тазалау, жабдықтарды тексеру) кезінде өшіріліп, кестемен жұмыс істейді.

Әлинұр Бәкенов
Әлинұр Бәкенов. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Субұрқақтарды ай сайын кестеге сәйкес жиналады. Жабдыққа ревизия жасалады, тостағандар арнайы құралдармен жуылады.

Кейде коммуналдық субұрқақтар апаттық-қалпына келтіру жұмысын жүргізу және ағымдағы жөндеу (кабельді ауыстыру, сорғылар мен қозғалтқыштарды ауыстыру немесе жөндеу, гидрооқшаулау, қаптаманы жөндеу) үшін өшіріледі.

Тазалау жұмысы
Тазалау жұмысы. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Алматы Жазы" акциясы аясында жеке субұрқақтар қалалық нысандармен қатар ретке келтіріледі.

Тазалау жұмысы
Тазалау жұмысы. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Алматы Жазы" акциясы жазғы кезеңде "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанының жалғасы. Бұл іс-шара қалалық инфрақұрылым мен қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауды қалыптастыруға, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге бағытталған.

Субұрқақ
Субұрқақ. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124594-almatyda-almaty-zhazy-aktsiiasy-aiasynda-zhumys-istep-turgan-suburqaqtar-mangyn-zhinau-men-tazalau-zhumystary-bastaldy/