Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда сотталған адамның қазасынан соң 20 қызметкер жазаланды

Жарияланған күні:

Түрме торы
Түрме. Көрнекі фото: Instants/Getty Images

Қарағанды облысында бірнеше тұтқын жабылып бір сотталған адамды жазым қылғаны үшін колонияда жұмыс істейтін 18 қызмет тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, оқиға осы жылдың ақпанында Қарағанды облысы Абай ауданы Қараған ауылындағы қатаң режимдегі колонияда болған.

Түрмеде бірнеше тұтқынның арасында жанжал туындап, ақырында олардың бірі қаза тапқан.

Қарағанды облысы мен Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД бастығы Бекболат Шәкіровтің сөзінше, күдіктілер кінәсін мойындаған. Олардың әрекеттері бейнебақылау камераларына да түсіп қалған.

"Осы жайттан соң мені қоса алғанда 18 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылдық", - деді ол.

ҚАЖД бастығы жанжалдасқан сотталушылар рецидивистер екенін, олар аса ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқанын алтап өтті. Ал 2032 жылға дейін сотталған негізгі күдікті тағы 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124756-qaragandyda-sottalgan-adamnyng-qazasynan-song-20-qyzmetker-zhazalandy/