Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында терроризмді насихаттаған деген күдікпен 4 тұрғын ұсталды (фото)

Жарияланған күні:

Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Фото: t.me/knbgov_kz

2024 жылғы 26 маусымда Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматын ұстады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, алдын ала деректер бойынша фигуранттардың бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған, радикалды діни идеологияға сол жерде тартылған болуы ықтимал.

"Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.

ҰҚК өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124786-turkistan-oblysynda-terrorizmdi-nasihattady-degen-kudikpen-4-turgyn-ustaldy-foto/