Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде зират маңындағы мангалдар имамның ашуына тиді (видео)

Жарияланған күні:

Зираттағы мангал.
Зираттағы мангал. Фото: Almaty.tv

Ақтөбеде зират аумағындағы ас беруге арналған орын мен кәуапқа арналған мангалдар жергілікті имамның ашуын келтірді. Мұнда тарихи тұлғалар жерленген, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, қалалық сүт зауыты аймағындағы ескі зират шамамен 40 жыл бұрын жұмысын тоқтатқанымен, ресми түрде жабылмаған. Бүгінде зираттың қараусыз қалған жағдайына қарамастан, әлі де адамдар жерленіп жатыр.

Ал жергілікті имам мазар аумағындағы ас беруге арналған орын мен кәуап пісіруге арналған мангалға наразылық білдіріп, мұны "марқұмдарды құрметтемеу" деп кейіді. Зиратта тарихи тұлғалар жерленгені де айтылды.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, сығандар қауымы бұл жерді рулық зиратқа айналдырып, ас беруге арналған орындар мен мангалдар жасаған. Ал әкімдік мұндағы тәртіпке аумақты басқаратын компания жауапты деп сендірді.

"Бізде мұсылмандардың да, христиандардың да қабірлері бар. Қазір олармен сөйлесіп, мангал аймағын, ас беру орындарын алып тастау туралы шешімге келдік. Бұл – олардың дәстүрі, әр ұлттың өз дәстүрі бар. Жақынарада алып тастайтынын айтты", - деді Әнуар Қожанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124864-aqtobede-zirat-mangyndagy-mangaldar-imamnyng-ashuyna-tidi-video/