Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда жекеменшік балабақша басшысы ірі көлемде қаражат жымқырғаны үшін сотталды

Жарияланған күні:

Балабақша бөлмесі
Балабақша бөлмесі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жамбыл облысында жекеменшік балабақша басшысы ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталып, сотталды. Үкімді Тараз қаласының соты шығарды, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Тараз қаласының прокуратурасы "РозАль" орталығы" жеке балабақшасы басшылығы мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 12 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады.

Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған", - делінген хабарламада.

Ведомство ақпаратына сәйкес, қала прокуратурасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеген. Тергеу жұмыстары Жамбыл облысының экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

Тараз №2 соты сотталушыны тәрбие/оқыту қызметін көрсететін кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде қаржымен байланысты материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, оны 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124867-tarazda-zhekemenshik-balabaqsha-basshysy-iri-kolemde-qarazhat-zhymqyrgany-ushin-sottaldy/