Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда үй бағасы тағы көтеріле ме: мамандар жауап берді

Жарияланған күні:

Үйдің макеті және кілт
Үйдің макеті және кілт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Экономикалық дағдарыстар болмаса, Қазақстанда жаңа баспананың құны шарықтап кетпейді – айына шамамен 0,5-1 пайызға өсуі мүмкін. Нарықтағы жағдай туралы сарапшылардың не айтатынын KAZ.NUR.KZ журналистері анықтап көрді.

Мамырдың соңында Қазақстанда жаңа үйлер орташа есеппен айына 0,4 пайызға және жылына 2 пайызға қымбаттады. Қайталама тұрғын үй нарығында жағдай керісінше – баға ағымдағы жылдың мамыр айымен салыстырғанда 0,2 пайызға, өткен жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға төмен.

Яғни тұрғын үй нарығының екі секторы әлі де әртүрлі бағытта жылжуда. Сондай-ақ "Крыша" порталы хабарлағандай, сарапшылар тек бастапқы тұрғын үй бағасы одан әрі өседі деп болжап отыр. Демек, экономикалық дағдарыстар болмаса, оның құны айына шамамен 0,5-1 пайызға өседі.

"Қайталама" тұрғын үй бағасы осы жылдың қыркүйегіне дейін шамамен 1-3 пайызға көтерілуі мүмкін. Дегенмен оның стагнацияға, яғни бағаның өсуінің тоқтап қалуына ұшырауы мүмкін: әсіресе баға қазірдің өзінде елдегі ең жоғары саналатын Алматыда.

Бір қызығы, сарапшылардың пікірінше, бағаның көтерілуіне ең алдымен "Наурыз", "Отау" сияқты түрлі жеңілдікпен берілетін тұрғын үй бағдарламалары емес, Қазақстан көбін шетелден сатып алатын құрылыс материалдарының қымбаттауы әсер етуі мүмкін.

Айта кету керек, бұл жағдай құрылыс салушылар белсенділігіне де әсер етеді: олар үшін жаңа нысандарды салу тиімсіз болмақ. Мұның бәрі материалдардың қымбаттауы, инженерлік желілердегі қиындықтар, сондай-ақ ипотекалық несиелердің тапшылығына байланысты сатудағы қиындықтар салдарынан рентабельділіктің төмендеуі себеп.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа ипотекалық несиелерде бағаның өсуіне жол бермейтін "қорғау механизмі" бар: жаңа үйлерді тек шаршы метрінің бағасы бекітілген арнайы портал арқылы ғана сатып алуға болады. Басқаша айтқанда, кейбір құрылыс салушылар үшін тұрғын үй бағдарламасына қатысу тиімді болмауы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124888-qazaqstanda-ui-bagasy-tagy-da-koterile-me-mamandardyng-zhauaby/