Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірнеше рет пышақтаған": Бас прокуратура Кореяда жасырынып жүрген күдіктіні экстрадициялады

Жарияланған күні:

Полицей күдіктінің қолына кісен салуда
Күдікті мен полицей. Көрнекі фото: t.me/POLICE_of_KZ/11296

Бүгін Бас прокуратура мен ІІМ Интерполының қызметкерлері 2 жыл бұрын Түркістан облысында ауылдасын өлтіруге оқталып, кейін Кореяда жасырынып жүрген күдіктіні сол елден экстрадициялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ құзырлы органға сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Бас прокуратура мен ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстанның Корея Республикасындағы елшілігінің көмегімен кісі өлтіруге оқталған күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін экстрадициялады.

"Аталған тұлға 2022 жылдың наурыз айында Түркістан облысының Сауран ауданында ауылдасымен жанжалдасып, артынан төбелеске ұласқан.

Төбелес барысында күдікті қарсыласының кеуде тұсынан бірнеше рет пышақ сұққан. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалды", - делінген хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті Корея Республикасының аумағында жасырынып жүрген және ағымдағы жылдың маусым айында сонда ұсталған.  

Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Айта кету керек, күдіктіні экстрадициялау Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірлеген Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы 2003 жылғы 13 қарашадағы ұстап беру туралы шарттыңболуының арқасында мүмкін болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125167-birneshe-ret-pyshaqtagan-bas-prokuratura-koreiada-zhasyrynyp-zhurgen-kudiktini-ekstraditsiialady/