Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы аудандардың бірінде суық су уақытша өшіріледі

Жарияланған күні:

Жуынатын бөлмедегі қол жуғыш
Жуынатын бөлмедегі қол жуғыш. Көрнекі фото: Artem Hvozdkov / Getty Images

Алматының Бостандық ауданында 1 шілдеден 2 шілдеге қараған түні көптеген шағынаудан мен тұрғын үй кешендерінде суық су уақытша өшіріледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Алматы су" мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап хабарлайды.

"Алматы су" мемлекеттік кәсіпорны мәліметінше, Алматыда 1 шілдеде сағат 22:00-ден 2 шілдедегі сағат 06:00-ге дейін суық сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

  • Қазақфильм, Нұр Алатау шағын аудандарында,
  • "Бағанашыл 1, 2" ТК, Жароков – әл-Фараби даңғылы – Левитан кешесі – Үлкен Алматы өзені (Үлкен Алматы) көшелері аумағында,
  • "Қазакфильм" киностудиясы,
  • Mountian Park TK, Mountian Drive TK, Mountian TK, ІКСТ ТАН, TK, SUNTOWN TK, Әйгерім ТК, Seven Stars ТК, Байсал ТК,
  • Наурыз ТК , Hayat Park, Баракат ТК, Комфорт сити ТК, Реал Алматы ТК, Atria TK, Braun ТК, Космо ТК, Комфорт ТК,
  • "Алма" бау-бақша коғамында суық су уақытша өшіріледі.

"Уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. "Алматы Су" МКК диспетчерлік кызметі: 274-66-66", - дейді мекеме мамандары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125275-almatydagy-audandardyng-birinde-suyq-su-uaqytsha-oshiriledi/