Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

463 жол-көлік оқиғасы болған: Алматыда тәртіп бұзған мопедшілерді ұстап жатыр

Жарияланған күні:

Заң бұзушыларды ұстау
Заң бұзушыларды ұстау. Скриншот: polisia.kz

Алматыда жыл басынан бері мопедтер мен самокаттардың салдарынан 463 жол-көлік оқиғасы болып, 500 адам зардап шекті, олардың жетеуі қайтыс болды. 68 жағдайда көліктерді балалар басқарған, деп хабарлайды Алматы ПД ЖПҚБ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz медиа-порталында хабарланғандай, Алматыда жол қозғалысы ережелерін және көлік жүргізу дағдыларын білмейтін мопед және самокат жүргізушілері жалпы пайдаланымдағы жолдарға шығады.

"Жыл басынан бері Алматыда мопедтер мен самокаттардың салдарынан 463 жол-көлік оқиғасы болып, 500 адам жарақат алды, 7 адам қаза тапты. 68 жағдайда екі дөңгелекті көлікті балалар жүргізген. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу мақсатында Алматы полициясының алдыңғы шептегі бөлімшелерінің қызметкерлері, ең алдымен, мопедтер мен самокаттардың жұмысына қатысты заң талаптарын түсіндіруге бағытталған ауқымды іс-шара өткізіп жатыр", – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирінің міндетін атқарушы Михаил Кан.

Спикердің айтуынша, осы кезеңде түрлі құқық бұзушылықтар үшін 10 мыңнан астам мопед жүргізушілері мен 7 мыңнан астам самокат жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мамандандырылған айыппұл тұрағына 384 мопед қойылды.

"Сондай-ақ барлық жерде мотокөлік пен самокат пайдаланушыларымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Рейдтік іс-шаралардың мақсаты – мопедтер мен самокаттардың жүруіне тыйым салу емес, олардың жеке жауапкершілігін еске түсіру, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақыру және көлік жүргізу мәдениетіне үйретіп жатыр", – деді Михаил Кан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елордада бір күннің ішінде айыппұл тұрағына жүзге жуық мопед жіберілгенін жазған болатынбыз. Мопед жүргізушілерінің биыл күзде куәлік алуы керек, бірақ көбісі автомектепке барғысы келмей, куәлікті сатып алуға тырысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125314-463-zhol-kolik-oqigasy-bolgan-almatyda-tartip-buzgan-mopedshilerdi-ustap-zhatyr/