Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Болашақ" стипендиясы кімдерге бұйырғаны белгілі болды

Жарияланған күні:

Мантия киген студенттер
Мантия киген студенттер. Көрнекі фото: depositphotos.com

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 184 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Бірінші тағайындау нәтижесі бойынша 138 адам магистратура, 13 адам докторантура бағдарламалары бойынша білім аладыы, ал 33 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді", - делінген "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ ресми сайтында.

Іріктеу кезінде инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға баса назар аударылды делінген. Оқыту 62 мамандық бойынша жүргізіледі.

Биыл басым мамандықтардың тізімі мемлекеттік органдардың қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлау жөніндегі сұраулары негізінде қалыптастырылды.

Ауылдық жерлерден шыққан үміткерлерге, инженерлік-техникалық қызметкерлерге, медицина қызметкерлеріне жеңілдікті санаттар қолжетімді. Олар оқуды бастамас бұрын 12 айға дейінгі тілдік дайындықтан өте алады, стипендияға құжаттарды тапсырған кезде университеттен шақыру хатының болуы міндетті емес.

"Биылғы өтінімдердің рекордтық саны конкурсқа қатысудың жоғары деңгейін көрсетті. Алдағы уақытта біз конкурсқа іріктеу ережелерін жетілдіріп, құжаттарды ресімдеудің бүкіл процесін цифрландыруды жоспарлап отырмыз. Іріктеу кезеңдерін енгізу және тестілеу түрін өзгерту күтілуде", - деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басқарма төрағасы Әлия Оспанова.

Үміткерлердің Harvard University, Stanford University, National University of Singapore, University of Pennsylvania, University of Illinois at Urbana-Champaign сияқты әлемдік рейтингтер топтарына кіретін университеттерге түсті.

Ең көп қызығушылық тудырған мамандықтар: "Ақпараттық технологиялар және жүйелер", "Үлкен деректерді талдау", "Көлік технологиялары", "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Химиялық инженерия", "Құрылыс инженериясы", "Халықаралық құқық және қауіпсіздік", "Зияткерлік меншік", "Экология".

Грант жеңімпаздарының тізімін осы жерден көре аласыздар (сілтемені басқан кезде жүктеле бастайды).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125368-bolashaq-stipendiiasynyng-kimderge-buiyrgany-belgili-boldy/