Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елде азық-түлік тағы қымбаттауы мүмкін бе: сауда министрі пікір білдірді

Жарияланған күні:

Әйел чек қарап тұр
Азық-түлік. Көрнекі фото: sergeyryzhov/Getty Images

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бүгін парламент кулуарында осы жазда азық-түлік бағасы қалай өзгеретінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Журналистер "Теңге бағамына қатысты жағдай бағаға әсер ете ме?" деп сұрады.

"Біз импорт, экспортқа баратын елдермен олармен келісімшарт жасасатын валюталармен жұмыс істейміз, яғни егер бұл Ресей болса, тиісінше "теңге – рубль", ал егер Қытай болса, "юань – теңге", - деді Арман Шакқалиев.

Оның айтуынша, баға өседі деген болжам жоқ.

"Жазғы кезеңде біз дефляциялық процестерді көріп отырмыз, айтпақшы, бес айдың қорытындысы бойынша бізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бойынша алғаш рет 0,1 пайыз дефляция болды деп айтқым келеді. Олар азық-түлік инфляциясына қатты әсер етеді. Бүгін біз азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға және қызмет көрсету бойынша инфляция мөлшерін алсақ, ең төменгі баға индексін азық-түлік тобы бойынша көріп отырмыз", - деп толықтырды министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125674-elde-azyq-tulik-tagy-qymbattauy-mumkin-be-sauda-ministri-pikir-bildirdi/