Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында 46 градус ыстықтан тасжолдың беткі қабаты көтеріліп кетті

Жарияланған күні:

Жамбыл облысында бүлінген жол жабыны
Жамбыл облысында бүлінген жол жабыны. Фото: t.me/qazavtojol

Жамбыл облысында "Тараз – Қайнар" тасжолының учаскесінде қатты ыстықтан жол жабыны плиталарының бірі көтеріліп кетті. Ақауды мамандар жойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазавтожолға" сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың айтуынша, Жамбыл облысындағы қатты ыстық салдарынан "Тараз – Қайнар" автожолының 244-шақырымында цемент-бетон жабынында ақау пайда болды.

"ҚАЖсервис" ЖОФ ДЭУ-34 жұмыскерлерінің күшімен жедел шаралар қабылдау барысында екі сағат ішінде бұл ақау жойылды. Өңірде +45°C дейін қатты ыстыққа байланысты жарияланған дауылды ескертуге байланысты цементбетон жабынының жай-күйін бақылау күшейтілді, учаскелерді тәулік бойы патрульдеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады компания өкілдері.

Биыл "Өзбекстан шекарасы (Ташкентке) – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас" республикалық маңызы бар автожолының "Тараз – Қайнар" учаскесінде 239-дан 476-километрге дейінгі цементбетон жабынына жоспарлы орташа және ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатқаны хабарланды. Оның аясында шөгінділерді, жарықтарды жою, деформациялық және жабынды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын қазақстандықтарға кейбір облыстарда ауа температурасы +46 градусқа дейін жетуі мүмкін екендігі ескертілген болатын. Дегенмен бүгін синоптиктер алдағы күндері барлық дерлік аймақта ыстықтың беті қайтатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125761-zhambyl-oblysynda-46-gradus-ystyqtan-taszholdyng-betki-qabaty-koterilip-ketti/