Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы демалыс күндері елімізде аптаптың беті қайта ма

Жарияланған күні:

Жаз мезгілі
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандық синоптиктер алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын ұсынды. 29 маусым мен 1 шілде аралағында Қазақстанда аптаптың беті қайтады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Мамандардың болжамына қарағанда, Қазақстанның үстіндегі атмосферадағы синоптикалық жағдайды ылғалдың үлкен қоры бар оңтүстік циклон айқындайды.

Сол себепті жаңбыр жауады, найзағай байқалады, елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Сонымен қатар бұршақ, дауыл және желдің күшеюі де күтіліп отыр.

Қазақстанның солтүстігінде және орталығында ауа температурасы 18-28 градусқа дейін, шығыста 20-35 градусқа дейін, оңтүстікте 23-33 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 16-33 градусты көрсетеді. Осылайша біршама өңірде аптаптың беті қайтады. Ал елдің батысы мен солтүстік-батысында күрт өзгерістер болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125812-aldagy-demalys-kunderi-elimizde-aptaptyng-beti-qaita-ma/