Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкімдік пен ҰҚКД лауазымды тұлғаларының қатысы бар": Алматыда алаяқтық жасады деген күдікті Бішкекте ұсталды

Жарияланған күні:

Қолына кісен салынған ер адам
Қолына кісен салынған ер адам. Фото: Hirkophoto/Getty Images

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі 2023 жылдан бері іздеуде жүрген У. есімді азаматты ұстады. Қазір ол Алматы қаласы ПД УҰИ-да қамауда отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, ол бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті жымқырды деген күдікке ілінген.

"Алаяқтық әрекет Алматы қаласы әкімдігі мен ҰҚКД лауазымды адамдарының қатысуымен бақылаудағы адамдарға жалған төмен бағамен және белгіленген сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен жасалған.

14 маусымда Бішкек қаласында У. есімді азамат ұсталғаннан кейін ол Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсімдер бойынша өз еркімен Отанына оралуға дайын екенін хабарлаған.

Сол күні Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен У. есімді азамат Қырғыз Республикасының шекарасынан өтіп, Алматы қаласына жеткізілді", - деп мәлімдеді агенттік өкілдері.

Күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125851-akimdik-pen-uqkd-lauazymdy-tulgalarynyng-qatysy-bar-almatyda-alaiaqtyq-zhasady-degen-kudikti-bishkekte-ustaldy/