Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбедегі 84 млн теңге жымқыру ісі: ақтөбелік әйел подполковник шенінен айырылды

Жарияланған күні:

Көлік, калькулятор, ақша
Көлік, калькулятор, ақша. Көрнекі фото: Freepik/xb100

Ақтөбелік әйел 84 млн теңге жымқыру ісінің салдарынан подполковник шенінен айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың Telegram-дағы ресми парақшасының мәліметіне сүйенсек, сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде ұрлады деген айып бойынша қылмыстық іс Ақтөбенің №2 сотында қаралған.

"Күдіктілер бас бухгалтер және кадрлар бөлімінің бастығы болып, 2017-2022 жылдар аралығында лауазымды тұлғалар бола отырып, қызметтік ережелерін пайдаланып, адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы жалған бұйрықтар жасап, сол арқылы сыйақылар мөлшерінің сомасын ұлғайтып, жекелеген жағдайларда бұйрықтар жасамай, төлемге электрондық шоттар дайындаған.

Сондай-ақ оларға көрінеу жалған мәліметтер енгізіп, ақшалай қаражатты өздері, МКҚБ қызметкерлері мен азаматтық қызметшілеріне аудару үшін Қазынашылыққа төлеуге жіберіп,содан кейін оларды жаңылыстырып, ақшаны шығарып және қайтаруды сұрап, кінәлі адамға сеніп тапсырылған аса ірі мөлшердегі мүлікті, яғни жалпы сомасы 84 млн астам теңгені жымқырған", - деді сотта.

Мемлекеттік айыптаушы әрқайсысына 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Ал сотталушылар өз кінәсін мойындамаған.

"Сотталушылардың кінәсін жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің айғақтары, маман мен сараптамалардың қорытындылары, заттай дәлелдемелер және қылмыстық істің басқа да материалдары сенімді түрде анықтады", - деді №2 қалалық сот өкілдері.

Сотта олардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар белгіленбеген. Дегенмен сот кадр бөлімінің бастығыны қабылдаған антын бұзғанын ауырлататын мән-жайлар ретінде тіркеді.

Сот үкімімен бас бухгалтер Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сондай-ақ кадр бөлімі бастығының әс-әрекеті қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі болмағандықтан және өз іс-әрекеттерімен бас бухгалтер өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденуге және ысырап етуге жәрдемдесуді жүзеге асырғандықтан, Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігіне, 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына қайта сараланды.

Нәтижесінде ол Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігінде, 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Кадр бөлімінің бастығына мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Ол "полиция подполковнигі" атағынан айырылды.

Сотталушылардан “ҚР ІІМ Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының” пайдасына ортақ тәртіппен материалдық залал сомасын өндіріп алу міндеттелді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125896-aqtobedegi-84-mln-tengge-zhymqyru-isi-aqtobelik-aiel-podpolkovnik-sheninen-aiyryldy/