Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада қытайлық камерасы бар бағана пайда болды

Жарияланған күні:

Астанадағы камерасы бар бағана
Астанадағы камерасы бар бағана. Фото: koleso.kz

Астанадағы Шыңғыс Айтматов көшесінің Қорғалжын тасжолына жақын тұрған жерінде жол жиегінде орналасқан ою-өрнектелген әрі ішінде камерасы бар ерекше бағана жүргізушілердің көзіне түсті. Бұл туралы kolesa.kz сайты хабарлайды.

Басылымның жазуынша, Астана қаласы әкімдігінің цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы қалада жасанды интеллект функциясы бар жаңа аппараттық-бағдарламалық кешенді сынақтан өткізіп жатқанын мәлім еткен.

Әкімдіктің цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы қалада жасанды АӨК пилоттық режимде жұмыс істейді және әзірге ешкімге айыппұл салмайды деді Бірақ келесі ережелерді бұзғандарды анықтай алады:

  • қауіпсіздік белдігін тақпау;
  • бір бағытты жолда ереже сақтамау;
  • тұрақ ережесін бұзу;
  • • бүтін сызықты кесіп өту;
  • қосарлы бүтін сызықты кесіп өту;
  • бос емес қиылысқа шығу;
  • бағдаршамның қызыл түсіне өту;
  • телефонмен сөйлесу және басқа жол ережесін бұзу. Зиянды түтін шығаратын көлікті де анықтай алады.

Kolesa.kz бұл құрылғы қытайлық Dahua Technology-дің HWS1800G-CS радары екенін жазған.

Айта кету керек, бұған дейін БАҚ-та демократиялық елдер Қытай компаниялары жасаған барлық бақылау құрылғысын құпия нысандардан алып тастауды тапсырғаны туралы ақпарат шыққан. Мәселен, "Айқын" басылымы Financial Times-қа сілтеме жасай отырып, 2023 жылы Ұлыбританияның министрлер кабинеті орталық атқарушы органдарға қытайлық компаниялар жасаған барлық бақылау құрылғыларын құпия нысандардан алып тастауды тапсырғанын жазған. Басылым жазуынша ағылшын министрлері Hikvision және Dahua бейнекамераларының көмегімен Пекин барлау мәліметтерін жинауы ықтимал деп күдіктенген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125959-astanada-kamerasy-bar-bagana-paida-boldy/