Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда метро жұмысы техникалық себептерге байланысты уақытша тоқтап қалды

Жарияланған күні:

Метрополитен
Метро. Фото: NUR.KZ

Бүгін, 28 маусымда кешкі уақытта Алматыда метрополитеннің жұмысы техникалық себептерге байланысты тоқтатылды. "Метрополитен" КМК баспасөз қызметі жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сағат 21:54-те метро пойыздарының қозғалысы техникалық себептерге байланысты тоқтатылды. Мамандар қажетті сараптама жүргізді.

Құрамдағы пойыздарда жолаушылар жоқ - барлығы перрондарға шығарылды" - деп хабарлады компания өкілдері.

"Метрополитен" КМК баспасөз қызметі келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Компания мәліметінше, метродағы қозғалыс сағат 22:46-да қалпына келтірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125995-almatyda-metro-zhumysy-tehnikalyq-sebepterge-bailanysty-uaqytsha-toqtap-qaldy/