Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АЭС құрылысы бойынша референдум: қазақстандықтар жария талқыға шақырылды

Жарияланған күні:

АЭС
АЭС. Көрнекі сурет: gov.kz

Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша көптен күткен референдум күзде өтеді. Алайда ол үшін бір маңызды іс-шара болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысы әкімдігі 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Қазақстан халқына жолдауында мемлекет басшысы Қазақстанда атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болғанын еске салды.

Сонымен қатар жолдауда Қазақстан Республикасының президенті референдум өткізу мерзімдері кейінірек белгіленетінін атап өтті. Референдум өткізу тәртібі 1995 жылғы 2 қарашадағы "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында регламенттелген.

Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Қарағанды обласында жария талқылаулар өткізу жоспарланып отыр.

Жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысады. Жария талқылауларды өткізу барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез келген сұрақтарын қоя алады.

Жария талқылау өткізілетін орны: Қарағанды қаласындағы "Қоғамдық келісім" КММ, Кеншілер даңғылы, 64.

Жария талқылауды өткізу күні мен уақыты: 2024 жылғы 5 шілде сағат 15.00-де.

"Барлығын қатысуға шақырамыз!" - дейді әкімдіктегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2126055-aes-qurylysy-boiynsha-referendum-qazaqstandyqtar-zhariia-talqyga-shaqyryldy/