Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің өлім жағдайларына қатысты түсінік берді

Жарияланған күні:

Әскери тікұшақтар
Әскери тікұшақтар. Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің өлім жағдайларына қатысты түсінік берді. Бұл туралы ведомство сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдері Қорғаныс министрлігі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер туралы жарияланымдарға қатысты мынадай түсініктемелер беруге өкілетті екенін еске салды.

"Қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтаров пен қатардағы жауынгер Алмас Шахимовтың өліміне қатысты фактілер Ұлттық ұланда орын алды және оның Қарулы күштерге қатысы жоқ", - делінген хабарда.

Сондай-ақ министрліктегілер 2024 жылғы 13 мамырда Сарыөзек кентіндегі 29108 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Досымжан Сәлімжанның қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

"Әскери қызметшінің ата-анасына жан-жақты қолдау көрсетіліп, барлық тиісті өтемақылар төленетін болады. Қорғаныс ведомствосы да, ата-аналар да жүргізіліп жатқан тергеудің шынайы болуына мүдделі", - дейді министрлік өкілдері.

Әскери қылмыстарды тергеу барысын ҚР Бас прокуратурасы және ҚР Ішкі істер министрлігінің тиісті бөлімшелері қадағалайды.

"Қарулы күштердің басшылығы мен әскери бөлімдердің қолбасшылығы тергеу әрекеттері мен қажетті рәсімдерді жүргізуде ашықтық пен объективтілік қағидаттарын ұстанады", - делінген мәлімдемеде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2126088-qorganys-ministrligi-askeri-qyzmetshilerding-olim-zhagdailaryna-qatysty-tusinik-berdi/