Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гранатомет, Калашников автоматы, винтовка": ҰҚК заңсыз қару айналымының жолы кесілгенін хабарлады

Жарияланған күні:

Ұстау шарасы
Ұстау шарасы. Фото: ҚР ҰҚК ресми сайты

ҰҚК заңсыз қару айналымының жолы кесілгенін хабарлады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдері қарудың заңсыз айналымын кесу шаралары бойынша есебін жариялады.

"28 маусымда ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті жергілікті тұрғындардың бірінің үйін тінту кезінде 21 бірлік атыс қаруын, оның ішінде 2 Калашников автоматы, 8 тапанша, 11 мылтық, сондай-ақ жарық-шу гранатасын, түтін бомбаларын, рацияларды және түрлі калибрлі 581 оқ-дәріні тәркіледі", - делінген хабарда.

Осы күні ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті қару-жарақтың 2 жасырын орнын анықтады.

Гранатомет, Калашников автоматы, винтовка, 4 мылтық, 2 тапанша, түтін гранатасы және әртүрлі калибрлі 248 оқ-дәрі тәркіленген.

"Іс-шаралар прокуратураның үйлестіруі және ішкі істер органдарымен өзара әрекеттестікте іске асырылды. Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2126091-granatomet-kalashnikov-avtomaty-vintovka-uqk-zangsyz-qaru-ainalymynyng-zholy-kesilgenin-habarlady/