Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік министрлігі Астана әуежайындағы рейстер неге кешігуі мүмкін екенін түсіндірді

Жарияланған күні:

Астана халықаралық әуежайы
Астана халықаралық әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Көлік министрлігі Астана әуежайындағы рейстердің кешігуіне қатысты түсінік берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"28 маусымнан бастап Астана қаласының әуежайындағы рейстердің кешігуі 3-4 шілдеге жоспарланған Шанхай ұйымының саммитіне дайындық шеңберіндегі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұшақтарының дайындық жүргізуіне орай Астана қаласының әуежайындағы әуе кеңістігінің уақытша жабылуымен байланысты болып отыр", - делінген хабарда.

Дайындық мақсатындағы рейстер 30 маусымға дейін сағат 09.25-тен 10.20-ға дейін орындалатыны айтылады.

"Осыған орай уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Жолаушыларға осы уақыт аралығында әуе компанияларынан ұшу уақытын алдын ала нақтылап алу ұсынылады.

Бұған дейін әуе компаниялары мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жолаушыларды алдын ала хабардар ету, сондай-ақ sms хабарламалар мен электрондық хаттарды жіберу арқылы жұмыс жүргізген болатын", - делінген хабарда.

Сонымен бірге әуе кеңістігінің уақытша жабылуына байланысты болып жатқан кідірістер басқа қалаларда, атап айтқанда Астана және Алматы қалаларындағы рейстердің кешігуіне әкеп соғуы мүмкін екенін атап өткен жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2126121-kolik-ministrligi-astana-auezhaiyndagy-reisterding-keshiguine-qatysty-tusinik-berdi/