Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда ер адамды ұрып-соғып жатқан сәттің видеосы тарады

Жарияланған күні:

Күдіктіні ұстау сәті
Полиция қызметкерлері мен күдікті. Видеодан кадр: instagram.com/ladakz

Желіде ер адамды ұрып-соғып жатқан сәттің видеосы тарады – кадрларға қарағанда, оны полиция формасын киген адамдар ұрып-соққан. Бұл жағдай 29 маусымда Ақтауда болғаны айтылды. Маңғыстау облысының полиция департаменті тексеру жұмыстарын бастады, деп жазады Lada.kz.

Бейнежазбадан тәртіп сақшыларының киімін кигендердің бірі ер адамды ұстап тұрғанын, ал екіншісі оның басынан ұрып, тепкенін көруге болады. Көп ұзамай кадрда тағы полицей формасын киген екі адам пайда болады, олар жерде жатқан ер адамды тұрғызып, қолын бұрап, алып кетеді. Бұған қоса балағат сөздерді естуге болады. Сондай-ақ видеодан тәртіп сақшасының киімін киіп алған адамдардың жан-жағына жалтақтап қараумен болғанын байқаймыз.

Маңғыстау облысының полиция департаменті басылымға бұл жайт бойынша тексеріс жүріп жатқанын хабарлаған.

"Соның қорытындысы бойынша шешім қабылданады", - деп мәлімдеген ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2126322-aqtauda-politseilerding-er-adamdy-uryp-sogyp-ustap-aketken-videosy-tarady/