Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алаяқтардың ісі": мәдениет қайраткерлеріне министр Балаеваның атынан жалған хабарламалар жіберіліп жатыр

Жарияланған күні:

Аида Балаева
Аида Балаева. Фото: gov.kz

Соңғы уақытта министр Аида Балаеваның атынан мәдениет қайраткерлеріне түрлі мәселе бойынша жалған хабарламалар жіберіле бастаған. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдері соңғы кезде министр Аида Балаеваның атынан мәдениет қайраткерлеріне түрлі мәселелер бойынша хабарламалар келіп түскен жағдайлар жиілеп кеткенін хабарлады.

"Мұндай хабарламалар алаяқардың ісі екенін мәлімдейміз. Аида Балаева мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары арқылы жібермейді. Сіздерден абай болуды және хатқа жауап бермеуді сұраймыз", - деп ескертті министрлік өкілдері.

Мұндай хабарламалар алған жағдайда:

  • келген хатты елемеу, хатқа жауап бермеу қажет;
  • алаяқтық фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлау керек.

"Азаматтардың мүддесін қорғау – біздің басты міндетіміз. Біз алаяқтық әрекеттерін болдырмауға және кінәлілерді жауапқа тартуға бар күшімізді саламыз", - делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2126412-alaiaqardyng-isi-ekenin-malimdeimiz-madeniet-qairatkerlerine-ministr-balaevanyng-atynan-zhalgan-habarlamalar-zhiberilip-zhatyr/