Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай, қатты жел: шілденің бірінші күні еліміздің қай өңірлерінде күн бұзылады

Жарияланған күні:

Найзағай
Найзағай. Фото: pixabay.com

Ертең, 1 шілдеде Қазақстанның барлық дерлік өңірінде күн райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер күн күркіреп, өрт қаупі туатынын мәлімдеді. Бұл жөнінде "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Астанада 1 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғарғы өрт қауіпі сақталады.

Алматыда дүйсенбіде найзағай ойнайды деп болжанды. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Шымкентте ертең таңертең және күндіз найзағай ойнайды деп болжанды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. болады.

Ертең Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Дүйсенбіде Батыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.

1 шілде күндіз Павлодар облысында найзағай, облыстың батысында, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Абай облысының оңтүстігінде 1-6 шілде аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысында 1-6 шілде аралығында төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 01-06 шілде аралығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

1 шілдеде Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ертең таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды деп болжанды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с болады.

1 шілдеде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Дүйсенбіде Жетісу облысының солтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с болады.

1 шілдеде түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Ертең түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 1 шілде күндіз, 2 шілдеде тәулік бойы найзағай күтіледі. 1-2 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с болады, 1 шілде күндіз, 2 шілде тәулік бойы желдің екпіні 23-28 м/с болады деп болжанды.

Жамбыл облысында 1-6 шілде аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталады.

1 шілдеде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады деп болжанды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ертең түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанды. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Ертең күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болады деп болжанды. Қызылорда қ.: 01 шілдеде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

1 шілдеде түнде Абай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанды. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семей қ.: 01 шілдеде найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2126448-naizagai-qatty-zhel-shildening-birinshi-kuni-elimizding-qai-ongirlerinde-kun-buzylady/