Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Моңғолияда тұратын танымал қазақ дәрігер көз жұмды

Жарияланған күні:

Нота Әнуарұлы
Нота Әнуарұлы. Фото: 24.kz

Кеше Моңғолия Медицина ғылымдары академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ануарұлы Нота жұбайы Еншібайқызы Банумен бірге жол апатынан қаза болды. Бұл туралы 24.KZ хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, бұл туралы дәрігердің туыс-туғандары әлеуметтік желіде хабарлады.

Ануарұлы Нота Моңғолияның Еңбек ері атағын алған санаулы қазақтың бірі.

Ол Моңғолияның Мемлекет қайраткері, Халық дәрігері, Моңғолияның Еңбек сіңірген адам дәрігері, Дүниежүзілік Нейрохирургия федерациясының мүшесі, Моңғолия Медицина ғылымдары академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, кеңесші нейрохирург, "АЧ" Медицина университеті Хирургия кафедрасының меңгерушісі, "АЧ" клиникалық ауруханасының кеңесші дәрігері.

Ануарұлы Нота 1945 жылы 24 қазанда дүниеге келген.

2021 жылы Моңғолия президентінің жарлығымен Моңғолияның Еңбек ері атағын алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2126757-monggoliiada-turatyn-tanymal-qazaq-dariger-koz-zhumdy/