Зорлық-зомбылық көбейді: соттарда сексологиялық сараптама пайда болады
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстанда сараптаманың жаңа түрі "Сот-сексологиялық сараптама" енгізіліп жатыр. Бұл туралы брифингте Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Талғат Уәли Қазақстанда адамның жеке басына қарсы, оның ішінде сексуалдық сипаттағы қылмыстардың саны артқанын атап өтті.
Оның сөзінше, осыған байланысты Әділет министрлігі зерттеудің жаңа түрі – "Сот-сексуалдық сараптаманы" енгізу бойынша жұмысты бастады.
"Сараптама тексерілушінің жыныстық, психосексуалдық дамуда қандай да бір ауытқулардың бар немесе жоқтығы, ауытқулар байқалса, олар не білінеді? Педофилдерді анықтау, тексерілушіге "химиялық кастрация қажет пе жоқ па деген сұрақтар да қаралады", - дейді Талғат Уәли.
Айта кетейік, 16 маусымнан бастап президент 2023 жылғы қыркүйектегі жолдауында бастамашылық еткен "Әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігі туралы" заң күшіне енді.
Бұл заңда отбасылар мен балаларға көмек көрсету инфрақұрылымын құруға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға, балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуға, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен буллингтің құрбандарына және куәгерлеріне көмек көрсетуге бағытталған 70-тен астам түзету бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2126802-zorlyq-zombylyq-kobeidi-sottarda-seksologiialyq-saraptama-paida-bolady/