42 градус ыстық, найзағай, бұршақ, қатты жел: алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер 2-4 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды – еліміздің басым бөлігінде бұл күндері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел соғады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне кең ауқымды циклон әсер етеді, соған байланысты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ және қатты жел соғады.
Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады деп болжанды. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы күндіз солтүстік-батыста +28+35°С дейін, солтүстікте +20+28°С дейін, орталықта +22+33°С дейін, оңтүстік-шығыста +27+36°С дейін, оңтүстікте +33+38°С дейін біртіндеп жоғарылайды.
Синоптиктер еліміздің батысында +35+42°С-қа дейін қатты ыстық болатынын болжады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2126862-42-gardus-ystyq-naizagai-burshaq-qatty-zhel-aldagy-ush-kunde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/