Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"100-ге жуық іс-шара": биыл Астана күні қалай тойланады

Жарияланған күні:

Елорда
Астана қаласы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

6 шілдеде Астана күні атап өтіледі. Осы мерекеге орай Астанада 100-ге жуық түрлі іс-шара өткізіледі. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап концерттік бағдарламалар, фестивальдер, спорттық турнирлер және т.б. өтеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

3 шілдеде сағат 18:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Қазақстанның үздік дәстүрлі әншілері, күйшілері, жырларына арналған "Асыл мұра" мерекелік концерті өтеді. Оған өнер қайраткерлері мен еліміздің танымал шығармашылық ұжымдары қатысады. Атап айтқанда, Қазақстанның Халық әртісі Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Елшібаева, Елмұра Жаңаберген, Айгүл Қосанова, Ардақ Балажанова, Клара Төленбаева және басқа да әртістер бар.

5 шілдеде сағат 19:00-де Амфитеатрда "Аялаған Астана" гала-концерті өтеді, бұл жоба дамуға ықпал етеді және қазақстандық жас таланттарға үлкен сахнаға шығуға мүмкіндік береді.

5 шілдеде сағат 15:00-де "Жастар" театрында "Байрағы биік байтағым" ақындар арасындағы республикалық мүшайра байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

5 шілдеде сағат 11:00-де Жазушылар аллеясында "KITAPHANA FEST – 2024" кітап фестивалі өтеді. Кіру тегін. Фестиваль үш негізгі блоктан тұрады – кітап жәрмеңкесі, білім беру бағдарламасы және балалар мен отбасыларға арналған бағдарлама.

5-7 шілде аралығында елордада "Театральная Еуразия" I Халықаралық көше театрларының фестивалі өтеді. Іс-шараға Эстония, Польша, Мәскеу және қазақстандық театр ұжымдары мен әртістері қатысады.

6-7 шілдеде сағат 12:00-де халықаралық көше театрлары фестиваліне қатысушылардың шеруі өтеді. Ол қала алаңынан басталып, Орталық саябақта шеруді аяқтайды.

6 шілдеде сағат 18:00-де ЭКСПО алаңында Open air ашық аспан астындағы мерекелік концерт өтеді. Іс-шарада отандық эстрада жұлдыздары Ninety one, Orda, Raim, Sadraddin, Kalifarniya, Nazima, Alpha, T'OI, Imzi, Құрмаш Махан, Jazzdauren және басқа да әртістер өнер көрсетеді.

6 шілдеде сағат 11:00-де және сағат 15:00-де қала шетінде тұрғын алаптарында елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған "Астана – жүрегім" концерттері өтеді. Мерекелік іс-шарада Мәди Қадыров, Гүлнұр Оразымбетова, Досымжан Таңатаров, Медет және Клара Салықовтар, Бауыржан Исаев және қазақстандық эстраданың басқа да жұлдыздары өнер көрсетеді.

6 шілдеде сағат 20:00-де Амфитеатрда Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония әртістерінің қатысуымен "Астана – арман қала" мерекелік концерті өтеді. Іс-шараға белгілі өнер қайраткерлері мен эстрада жұлдыздары Майра Ілиясова, Қанат және Света Айтбаевтар, Арайлым Рахымқызы, Гүлнұр Оразымбетова, Зарина Омарова, Мұратбек Хайролда, Фарида Жолдасова, Әкімхан Мәженов, Алтыншаш Мұқатаева, сондай-ақ DJ Dake және «ALEM» Заманауи би балеті қатысады.

6, 7 және 8 шілдеде сағат 12:00-ден бастап қала қонақтары мен тұрғындары үшін Орталық саябақта "Mereke street" жазғы жобасы жұмыс істейді. Бұл шеберлік сыныптары мен ашық аспан астындағы кинотеатры бар барлық жастағы азаматтарға арналған Отбасылық демалыс фестивалі.

7 шілдеде ЭКСПО алаңында домбыра күніне арналған мерекелік шоу-концерт өтеді. Кеш қонақтары: "Қорқыт" этно-фольклорлық ансамблі, "Made in KZ" тобы, Ибрагим Ескендір және "Алтын домбыра" балалар шығармашылық орталығы, "Assyl" тобы, Qalifarniya, Qanay, Ақтоты Болшова және басқа да әртістер.

8 шілдеде "Жастар" сарайында сағат 19:00-де Астана мен Нусантара бауырлас қалалар күнін мерекелеу құрметіне бірлескен мерекелік концерт өтеді. Іс-шарада Қазақстан мен Индонезияның дарынды әртістерінің дәстүрлі музыкасы мен билері орындалады.

Елорда күніне ауқымды спорттық-бұқаралық іс-шаралар жоспарланған. Олардың ішінде ең үлкені: "Жасай бер, жайна Астанам!", "Толағай" республикалық турнирі, ат жарысы (конкур), "Елорда кубогы" бәйгесі, "Ел жүрегі – Астана!" бар.

Ірі іс-шаралармен қатар 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан "Qazaq Arlany" by M. Toitov бокс клубының ашық республикалық турнирі, тірек-қимыл аппараты зақымданған адамдар арасында пауэрлифтингтен қала кубогы "Байқоңыр" ауданының тұрғындары арасында волейболдан турнир, асық атудан "Астана сақасы" ашық турнирі (ерлер, әйелдер), мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы "Шоудаун" үстел теннисінен чемпионат өтеді. Осы іс-шаралардың барлығы Астана күнін мерекелеу құрметіне ұйымдастырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2126889-100-ge-zhuyq-is-shara-astana-kuni-qalai-toilanady/