Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайы мен вокзалдары күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Жарияланған күні:

Астана әуежайы
Астана әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізу кезеңінде елорда әуежайында күшейтілген және тәулік бойғы жұмыс режимі қамтамасыз етіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Көлік министрлігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Тұрақты рейстердің ұшуы кесте бойынша жоспарланған. Саммитті өткізу кезеңінде жұмысқа сала мамандары мен диспетчерлік құрам тартылды. Жүзден астам қызметкер резерв ретінде жұмылдырылып, елорда әкімдігімен бірлесіп шет тілдерін білетін еріктілер тартылып жатыр. Сондай-ақ Алматы және Қарағанды қалаларында қосымша әуежайлардың дайындығы көзделген", - делінген хабарда.

Елордалық теміржол вокзалдарының дайындығы туралы айта келе, Шанхай ынтымақтастық ұйымын өткізу шеңберінде теміржол бекеттері штаттық режимде жұмыс істейтіні айтылған.

Бүгінгі таңда теміржол көлігі Астана-1 станциясынан 23 бағыт бойынша тәулігіне 11 мыңға жуық жолаушыны, ал "Нұрлы жол" теміржол вокзалы бойынша тәулігіне 8 мың жолаушыны 19 маршрут бойынша тасымалдауда. Вокзалдар кешенді қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2126916-astana-auezhaiy-men-vokzaldary-kusheitilgen-zhumys-rezhimine-koshti/