Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында төтенше жағдай режимі күшін жояды

Жарияланған күні:

Атыраудағы су тасқыны
Атыраудағы су тасқыны. Фото: NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

Атырау облысында су тасқынына байланысты енгізілген төтенше жағдай режимі күшін жояды. "Ашық НҚА" сайтында облыс әкімінің тиісті шешімінің жобасы жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ашық НҚА" сайтында жарияланған шешімде Атырау облысы әкімінің 2024 жылғы 7 сәуірдегі "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылатынын айтылған.

Нормативтік-құқықтық акт жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Төтенше жағдай режимі нақты қай күннен бастап алынып тасталатыны айтылмаған. Қоғамдық талқылау 2 шілдеге дейін жалғасады.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2126982-atyrau-oblysynda-totenshe-zhagdai-rezhimi-alynyp-tastalady/