2-4 шілде аралығында Астанада кімдер қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі
Жарияланған күні:
Астанада шілденің 2-сі мен 4-і аралығында мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің көпшілігі қашықтан жұмыс істейді. Сондай-ақ балабақшалар екі күн бойы жұмыс істемейді, деп хабарлайды Астана әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство өкілдері 3 және 4 шілдеде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтетін кезде полицияның жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне көшетінін ескертті.
"Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, сондай-ақ жол кептелісін болдырмау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 70 пайызы 2-4 шілде аралығында қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады. 3-4 шілдеде мектепке дейінгі мекемелер де жұмыс істемейді", - деп толықтырды әкімдік.
Әкімдік өкілдері ірі халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдап, азаматтарға ыңғайлы болуы үшін ішінара қашықтан жұмыс істеу режимінің енгізілуі әлемдік тәжірибе екенін мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2127018-2-4-shilde-aralygynda-astanada-kimder-qashyqtan-zhumys-isteuge-koshiriledi/