Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ шетелде демалуды жоспарлап жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Демалыс
Шетелдегі демалыс. Фото: Freepik

Полиция шетелге сапар шегуді жоспарлап отырған қазақстандықтарды туристік агенттікті мұқият таңдауға шақырды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің ресми медиа-порталындажарияланған ақпарат бойынша, ел тұрғындары туристік фирмалардың әрекетіне шағымданып жатыр.

"Маусымда полиция бөліміне Ақтөбе қаласының тұрғыны туристік агенттікке алданғаны туралы арызданды. Тергеп-тексеру барысында мамырда Ақтөбе қаласында орналасқан туристік агенттіктердің бірінде оның басшысы әуе билеттерін алып беретінін айтып алдау жолымен жәбірленушінің 250 мың теңгеден астам қаражатын заңсыз иемденгені анықталды.

Қазір алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында туристік фирманың директоры облыстың тағы бірнеше тұрғынын алдағаны анықталды", - дейді полицейлер.

Осыған байланысты полицейлер туристік агенттіктерді таңдағанда аса сақ болуға, алдын ала төлемдер аудармауға, жасалған келісімшартты мұқият оқуға, олардан барлық туристік құжатты талап етуге және алдын ала тексеріп алуға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2127480-iim-shetelde-demaludy-zhosparlap-zhurgen-qazaqstandyqtarga-undeu-zhasady/