Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында аяғындағы гипске қарамай, інісін өрттен құтқарған 10 жасар бала марапатталды (видео)

Жарияланған күні:

Артур Гаитов фото
Артур Гаитов : Фото: Видеодан скрин

Ақмола облысында өрт кезінде 1 жасар інісін өрт ошағынан алып шыққан 10 жастағы Артур Гаитов облыстық төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен марапатталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақмола облыстық төтенше жағдай департаментінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Асхат Акильжанов төтенше жағайлар министрінің жарлығымен 10 жасар батырға "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалін табыстады.

"Ақмола облысы ТЖД-да көрсеткен қайсарлығы үшін Артур Гаитовты марапаттау рәсімі өтті. Артур Гаитов өзін батыр деп санамайды, алайда олардың үйінде болған өрт кезіндегі әрекеті құрметке ие.

Төтенше жағдай орын алған кезде, ол абдырап қалмай, бірден үйдегі электр қуатын өшіріп, өрт сөндірушілерді шақырған, кейін бір жасар інісін қолына алып, терезеден шығып кеткен. Футбол ойнап аяғын жарақаттап алған ол сол кезде гипспен жүрген", - делінген хабарда.

Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Асхат Акильжанов ТЖ министрінің жарлығымен 10 жасар батырға "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалін табыстады.

Айта кетейік, оқушы болашақта құтқарушы боламын деп шешкен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2127564-aqmola-oblysynda-ort-kezinde-inisin-alyp-shyqqan-10-zhastagy-bala-marapattaldy/