Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Миы шайқалып, бас сүйегі сынған": Ақтауда электрлік скейтбордпен қызды қаққан тұрғынға сот үкімі шықты

Жарияланған күні:

Көшеде кетіп бара жатқан жасөспірім
Жасөспірім. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтаулық тұрғын электрлік скейтбордпен кәмелеттік жасқа толмаған баланы қаққаны үшін жазаланып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақтау қалалық сотына сілтеме жасап хабарлайды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен тұрғынға Қылмыстық кодекстің 114-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiргені үшін айып тағылған.

"Айыпталушы 17 маусымда 2024 жылы сағат 18.00 шамасында 6-мөлтек аудан, №36 үйдің жанында, жаяу жүргіншілерге арналған жолақта, электрлік скейтбордын басқарып, техникалық талаптарды сақтамай, кәмелет жасқа толмаған баланы қағып, нәтижесінде оның денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтiрген", - делінген хабарламада.

Прокурор тұрғынды абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiргені үшін кінәлі деп танып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Айыпталушының кінәсі жәбірленушінің және кінәні мойындау туралы сотталушының жауаптарымен, өзге де іс-құжаттарымен дәлелденді.

Сонымен қатар сотта жәбірленушінің заңды өкілінің сотталушыны заңға сәйкес қатаң жаза қолдануды, себебі жәбірленушінің жабық бассүйек-ми жарақаты, бас сүйегінің сынуы, ми шайқалу жарақаттары бары ескерілді.

Сот айыпталушыға жаза тағайындау барысында қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жай ретінде оның кінәсін мойындап, шың көңілімен өкінетінін, ал жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқ екенін ескеріп, айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 114-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2127567-miy-shaiqalyp-bas-suiegi-syngan-aqtauda-elektrlik-skeitbordpen-qyzdy-qaqqan-turgynga-sot-ukimi-shyqty/