Желіде Ақтау әкімі қызметінен кетеді деген хабар тарады: ақпаратқа қала әкімдігі жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін әлеуметтік желілерде Ұлықбек Тналиевтің Ақтау әкімі қызметінен кетуі мүмкін екені қызу талқыланып жатыр. Ақпаратқа қала әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды Lada.kz.
Әлеуметтік желіде Ұлықбек Тналиевтің Ақтау қаласының әкімі қызметінен кетіп, оның орнына Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының басшысы Әбілқайыр Байпақовтың тағайындалуы мүмкін екендігі туралы ақпарат шықты.
Басылым авторларының кейбір дереккөздерге сүйене отырып хабарлауынша, шенеунік кейін жұмыстан босату туралы өтініш жазған.
Оның қызметінен кетуіне облыс басшысы Нұрдәулет Қилыбаймен облыс орталығын дамыту, атап айтқанда, қала құрылысы мен Ақтау қаласының стратегиялық дамуының негізгі аспектілері бойынша келіспеушілігі себеп болуы мүмкін.
Жақында болған халықпен кездесуде Ұлықбек Тналиев болған жоқ. Оның орнына қала әкімінің міндетін атқарушы Нұртас Сали сөз сөйледі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі тараған қауесеттерге байланысты жауап берді.
"Ұлықбек Тналиев демалыста", - деп қысқа қайырды әкімдіктегілер.
Бұл ретте әкімдіктің баспасөз қызметі әкімнің қызметінен кетуі туралы сұраққа жауап бермеді.
Еске сала кетейік, Ұлықбек Тналиев Ақтау қаласының әкімі болып 2023 жылғы қыркүйегінде тағайындалған болатын. Бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2127663-zhelide-aqtau-akimi-qyzmetinen-ketedi-degen-habar-tarady-aqparatqa-qala-akimdigi-zhauap-berdi/