Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында республикалық тасжол бөлігі бір аптаға жуық уақытқа жабылады

Жарияланған күні:

Тасжол
Тасжол. Көрнекі сурет: freepik.com

Ертең, 3 шілдеден бастап Атырау облысында "Атырау-Орал" тасжолының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына жабылады. Бұл туралы облыстық ТЖ жедел штабына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жөндеу жұмыстарына байланысты, 3 шілде күні сағат 8:00-ден бастап, республикалық маңызы бар "Атырау – Орал" тасжолының 5-67 шақырым аралығы, яғни Атырау қаласы – Махамбет ауылы учаскесі бойы жабылады.

Жөндеу жұмыстарын 8 шілдеге дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

"Жеңіл автокөліктер облыстық маңызы бар "Атырау – Индер" бағыты арқылы қатынай алады. Ауыр жүк көліктері үшін Махамбет - Х.Ерғалиев - Таңдай ауылы бағытындағы жол ашық", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2127768-atyrau-oblysynda-bir-aptaga-zhuyq-respublikalyq-taszhol-boligi-zhabylady/