Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

12 балаға төрт порция: шенеуніктер Ақтау балабақшасындағы тамақ дауына қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Тамақ ішіп отырған балалар
Тамақ ішіп отырған балалар. Видеодан кадр: instagram.com/podslushano_aktau12

Маңғыстау облысының білім басқармасында Ақтау балабақшаларының бірінде болған жанжалға қатысты түсініктеме берді. Айтуларынша, тәрбиеші жазаға тартылды, деп хабарлайды Lada.kz.

Еске сала кетейік, тамаққа қатысты балабақшадағы жанжал өткен демалыстарда белгілі болды. Ол кезде Ақтаудағы №29 балабақша бүлдіршіндерінің ата-анасы бейнебақылау камераларынан балалардың көпшілігі тамақсыз қалғанын көргенін хабарланды.

Шенеуніктер болған жайт туралы ақпаратты кейінірек беруге уәде етті.

Қазір Маңғыстау облысының білім басқармасы пікір білдірді. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, оқиға Ақтау қаласындағы 9-шағын ауданындағы №29 бөбекжай балабақшаның №7 тобында болған.

"Топ тәрбиешісінен түсініктеме алынды. Ол балалардың таңғы асты толық ішпейтіндерін, сондықтан тамақ қалып қоятынын айтты. Тәрбиешіге тәртіптік шара қолданылды. Оқиғаға байланысты балабақша әкімшілігі ата-аналармен кездесіп, кешірім сұрады.

Дегенме қалалық білім бөлімі жанынан арнайы комиссия құрылып, дүйсенбіден бері оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Комиссияның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады", - деді ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Астанада балабақшаларға жеткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын көтеру фактілері анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2127795-12-balaga-tort-portsiia-sheneunikter-aqtau-balabaqshasyndagy-tamaq-dauyna-qatysty-pikir-bildirdi/