Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбырға қарамастан жол қозғалысын реттеген өскемендік полицей желі қолданушыларын сүйсінтті (видео)

Жарияланған күні:

Полицей
Полицей. Видеодан кадр: instagram.com/eastkazpolice/

Өскеменде жаңбыр жауып жатқан кезде көлік көп жүретін көше қиылысында жол қозғалысын реттеп тұрған полицейдің видео қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ. ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның Instagram желісіндегі ресми парақшасында бірер күн бұрын Өскеменде жауған нөсер кезінде түсірілген видео жарияланды.

Видеода қала көшелеріндегі қиылыстарының бірінде бағдаршам істен шығып, патрульдік полиция қызметкері су кешіп, қатты жауған нөсерге қарамастан қозғалысты реттеп тұрған.

"Нағыз ер адам", "Жарайсыңдар, жігіттер", "Ауырып қалатын болды ғой", "Күн қаһарманы", "3 күн демалыс керек" деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2128092-zhangbyrga-qaramastan-zhol-qozgalysyn-rettegen-oskemendik-politsei-zheli-qoldanushylaryn-suisintti-video/