Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қырғызстаннан құтырған мал еті Қазақстанға өтіп кетті": бұл ақпаратқа министрлік өкілдері жауап берді

Жарияланған күні:

Ет базары
Ет базары. Көрнекі фото: alexmak72427/Getty Images

WhatsApp-та тараған аудио хабарламада Қырғызстаннан құтыру ауруымен ауырған мал еті Қазақстанға әкелінгені айтылған. Одан бәліш пісіріп, жол үстінде сататыны туралы ақпарат берілген. Алайда Ауыл шаруашылығы министрлігі ақпарат түсініктеме берді, деп хабарлайды Stopfake.kz сайты.

Ақпараттың шынайылығын тексеретін сайт авторларының жазуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл ақпаратқа байланысты түсініктеме берді.

"2011 жылғы 19 қазанда ауыл шаруашылығы жануарларының аусыл ауруы бойынша енгізілген қолданыстағы шектеуге байланысты Қырғыз Республикасы аумағынан ауыл шаруашылығы жануарлары, сондай-ақ сиыр, қой және шошқа еті әкелінбейді. Егер етті контрабандалық жолмен тасымалдау әрекеті расталса, шекарада бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданады", - делінген ведомство хабарламасында.

Фактчекерлер дәл осындай аудио хабарлама танымал мессенджерде 2021 жылы таралғанын атап өтті.

Жамбыл облысында Қырғыз Республикасымен шекарада төрт ветеринариялық-бақылау бекеті жұмыс істейді: Қарасу, Қордай, Сыпатай Батыр және Айша-Бибі, онда ветеринариялық инспекторлар бақылауға жататын тауарларды әкелу, әкету және транзиттеу кезінде құжаттамалық, физикалық және зертханалық тексеру жүргізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2128125-qyrgyzstannan-qutyrgan-mal-eti-qazaqstanga-otip-ketti-bul-aqparatqa-ministrlik-okilderi-zhauap-berdi/